13 қаз, 2025 сағат 12:16

Брэд Питт пен Инес де Рамон 12 миллион доллар тұратын жаңа үйге көшті

Фото: Legion-media.ru

Үш жылға созылған қарым қатынастан кейін Брэд Питт сүйіктісі 37 жастағы Инес де Рамонмен бір шаңырақ астында тұра бастады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қарым қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге бел буған танымал голливуд актері мен оның сүйіктіне жақын дереккөздің хабарлауынша, 61 жастағы Брэд Питт пен 37 жастағы Инес де Рамон қазір бір шаңырақ астында өмір сүріп, ортақ тұрмыс кешуде.

Сондай-ақ дереккөз актердің сүйіктісінен ажырамай, оны барлық жұмыс және жеке сапарларына өзімен бірге алып жүретінін атап өтті.

Үйдің құны — 12 миллион доллар.

Маусым айында Брэд Питт пен Инес де Рамон Лондонда өткен «Формула-1» фильмінің премьерасына бірге қатысты. Голливуд жұлдызы бұл кешке қою жасыл түсті костюм киіп келіп, оны ақ жейдемен, мойнына байлаған сәнді орамалмен, қоңыр-қызыл былғары туфлимен және стильді көзілдірікпен толықтырған. Ал оның серігі жарқыраған алтын түсті, терең ойықты макси-көйлек киіп, көздің жауын алған.

Брэд Питт пен Инес де Рамонның романы туралы алғашқы сыбыстар 2022 жылдың қарашасында тараған. Сол кезде оларды Лос-Анджелестегі U2 тобының концертінде, кейін актер қатысқан «Вавилон» фильмінің премьерасында бірге көрген.

Питтің жаңа сүйіктісі диетология саласының маманы, фитнес-жаттықтырушы әрі зергерлік бұйымдар дизайнері. Ол шоу-бизнес әлеміне «Вампир күнделіктері» сериалының актері Пол Уэслимен некесі арқылы таныс.