Бразилияның Сан-Паулу штатында үңгір опырылып, салдарынан тоғыз өрт сөндіруші мерт болды. Бұл туралы жексенбі күні өңірдің өрт сөндіру қызметі Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тоғыз адам көз жұмды, бір адам құтқарылды, ол интенсивті терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оқиға орнында басқа зардап шеккен адам қалған жоқ», - делінген хабарламада.
Жексенбі күні таңертең өрт сөндірушілер үңгірдің ішінде оқу-жаттығу өткізіп жатқан кезде тау жыныстары опырылған. Өрт сөндіру қызметі келтірген мәліметтерге сәйкес, оқу-жаттығуға 28 адам қатысқан.