Ақмола облысында суға құлаған бойжеткенді құтқармақ болған 29 жастағы жігіттің өзі суға батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай маусымның 21-де таңғы сағат 05:00 шамасында Целиноград ауданының Оразақ ауылында болған.
«Іздестіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел құтқару жасағының күш-құралдары тартылды. Белгілі болғандай, тоғыз адамнан тұратын жастар Нұра өзеніне демалуға барған. Таңғы сағат 05:00 шамасында қыздардың бірі жардан суға құлап кеткен. Сол кезде оның артынан көмекке екі жігіт суға секірген. Оның бірі бойжеткенді жағаға алып шықса, 1991 жылы туған жігіт суға батып кетті», - дейді ТЖД бастығының міндетін атқарушы Манарбек Шапағатов.
Айта кетейік, жыл басынанн бері облыста 7 адам суға кетіп, 20 адам құтқарылған.