#
#
Жұма 30/10/2020

Ботсванада жүздеген пілдің неліктен қырылғаны анықталды

  • 22.09.2020
  • 0
  • 119

Ботсванада жүздеген піл микроскопиялық балдырлардың құрбаны болды. Биылғы жылдың мамыр-шілде айларында көптеген жануарлардың кенеттен қырылуының себебін зерттеген мамандар осындай қорытынды шығарды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Рейнджерлер Окаванго өзенінің сағасында аэрофототүсірілім кезінде пілдердің көптеген өлексесі анықталған соң дабыл қаққан. Куәгерлер тірі пілдердің де біртүрлі, бір жерді айналшықтап жүргенін және әлсіз көрінгенін баяндады.

Ботсванада африкалық пілдердің бүкіл популяциясының үштен бір бөлігі тіршілік етеді. Билік әуелде бұл браконьерлердің ісі деп шешкен, алайда талдау қорытындылары 330 пілдің суда тіршілік ететін цианобактериялар, немесе көк-жасыл түсті балдырлардан бөлінетін токсиндерден қырылғанын көрсетті. 

Цианобактериялар – ағынсыз жылы судағы улы бактериялар. Олар судың басқа түске боянуына әкеледі. Қырылған пілдердің көбі шағын су қоймаларының жанынан табылды, алайда мамандар олардың қырылуына цианобактериялар себеп болғанына сене алған жоқ. 

«Талдау қорытындылары бойынша, пілдердің қырылуына цианобактериялардан бөлінетін нейротоксиндер себеп әсер еткен. Бұл бактериялар суда тіршілік етеді», - деп мәлімдеді дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Боствана жабайы табиғат және ұлттық саябақтар департаментінің бас санитарлық дәрігері Ммади Рубен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар