"Айтылған әніміз үшін ақша төлесін!" Еліміздің әнші, сазгерлері авторлық құқықтың мүлдем сақталмайтынына наразылық білдірді. Яғни мейрамхана, кафе мен караоке секілді көңіл көтеру орындарда әніміз орындалғанымен, ол үшін соқыр тиын алмаймыз деп ашынып отыр.
«Караокеде ғана біздің «АБК» кезіндегі «Тамшылардан» бастап, қазіргі «Айналайын» дейін әндеріміз бар. Бірақ біз олардан бір тиын да алмаймыз. Оны зерттеп, қарап жатқан бірде-біреуі жоқ. Ол ұжымдардың біреуі де отчет тапсырмайды», – дейді Болманов.
Негізі, авторлық құқық туралы заң бойынша мейрамхана, караоке клубтарда әншінің жеке туындысы шырқалса, оған гонорар төленуі тиіс. Бір әннің құны шамамен 500 теңге. Бірақ, пайданы көздеген бизнесмендер артық шығынданғысы келмейді дейді өнер иелері. Тек, санаулы кәсіпкерлер ғана арасында ақша аударып тұрған екен. Кейін онысын мүлдем қойыпты. Сондықтан, әншілер заңды белшеден басқан бизнесмендерді сабасына түсіріп, былыққа батқан саланы бір жүйеге келтіріп, реттеуді талап етіп отыр.