«Зита мен Гита» үнді фильмінде басты рөлді сомдаған атақты Болливуд актрисасы Хема Малини қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Актриса жақын арада Қазақстанға концерттік бағдарламамен келуді жоспарлап отыр» делінген хабарламада.