Фото: youtime.com
Елімізде отандық жаңа иіссу жасап шығарылды. Ол туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
«Алматыдағы Сәтбаев университетінде ашылған біздің 2 эксперименттік зертханамыз өз өнімдерін шығара бастады. Ол - иіссу (духи), отандық өнім. Парфюмды жасап шығару үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлжан Түзелбаева Францияда парфюмерлік іс бойынша арнайы оқып келді. Сонымен қатар Ербол Сағатов - синтетикалық химия бойынша PhD докторы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыды», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, парфюмерлер иіс судан бөлек, тұрмыстық химия заттарын шығаратын команда құрып жатыр.