03 қаз, 2020 сағат 07:26

Боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы спортшы өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі 9 қазан күні Лас-Вегастегі MGM Grand аренасында аргентиналық Гонсало Корияға қарсы өтеді. 

Айта кетейік, Ж.Әлімханұлы танымал тәлімгер Джеймс «Бадди» Макгирттің жетекшілігімен Калифорнияда жаттығады.

Қазақстандық спортшының 28 наурызға жоспарланған кезекті жекпе-жегі кейінге қалып, өтпей қалған еді.

«Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінге қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. Үш ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк (Top Rank Promotions компаниясы) спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды», - деді Жәнібек Әлімханұлы.