Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қалаға кіреберістегі кептелістерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір қалада 700 полиция қызметкері 22 блокпоста 2-3 ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Бір блокпосқа 10 адамнан келеді. Алайда, біз блокпостың периметрін де ескеруіміз керек. Ол территория да бақылауды қажет етеді. Қазір карантин шараларының бәсеңсуіне байланысты қалаға кіретін-шығатын көліктердің саны артып келеді», - деді Ерлан Қожағапанов.
Оның айтуынша, қазір әр блокпоста полиция қызметкерлерінің қолына берілетін планшеттер саны көбейген.
«Біз 1-2 күнде осы мәселені шешеміз», - деді ол.