Батыс Қазақстан облысында тағы бес адам коронавирустан емделіп, үйлеріне оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олардың үшеуі – Тасқала ауданының, екеуі – Орал қаласының тұрғыны.
«Бақылау сынамалары олардың коронавирустан жазылып шыққандығын көрсетті. Жағдайлары қалыпты. Ауруханада жатқан қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, орташа халдегілер де бар», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.
Осылайша Батыс Қазақстанда емделіп шыққандар саны 36-ға жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында бірден 17 адамның жазылып шыққанын жазған болатынбыз.