26 сәу, 2020 сағат 22:15

БҚО-да Ресейден келген Түркістан облысының үш тұрғынынан коронавирус табылды

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 125-ке жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірде соңғы тіркелген үш науқас – Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін Түркістан облысының 20, 21 және 24 жастағы тұрғындары.

Олар Самара облысымен шектесетін «Сырым» автоөткелінен өткеннен кейін денсаулықтарына шағымы болмағанымен, карантиндік стационарға жатқызылды.

Зерттеу қорытындысымен COVID-16 диагнозы расталғаннан кейін үшеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі кезде жағдайлары қанағаттанарлық. 

Осылайша облыста ауырғандар саны 125-ке жетсе, соның басым көпшілігі – Ресейден келгендер. 

Сырқаттанғандардың жетеуі жазылып шықты.