#
#
Бейсенбі 01/10/2020

БҚО-да коронавирусқа шалдыққандар ішінде 9 бала бар

  • 22.05.2020
  • 0
  • 315

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 360-қа жетсе, соның 214-і Орал қаласында тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мәлім еткендей, 81 адам – Ресейден, ал 55-і – Атыраудан келгендер. Төрт адам ауыр халде.

«Егер алғашқы кезде жұқтырушылар саны сырттан келгендерден құралған болса, соңғы қала мен аудан тұрғындары арасында таралып жатыр. Олардың ішінде 9 бала болса, соның біреуі бір жаста. Коронавирус инфекциясын 9 полицей, 56 медицина қызметкері, 5 зейнеткер, 3 студент жұқтырған. Қалыптасқан жағдайдың күрделі екендігін ескере отырып, қала тұрғындарын карантиндік-санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын. Тұрғындар барынша өзін оқшау ұстауға, аралас-құраластықты азайтуға, аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға, өзге адамдармен байланысты шектеуге ұмтылғаны абзал. Көп жағдайда коронавирус инфекциясы ауру белгілерінсіз өткенімен, өзгелерге жұғуы мүмкін. Қалада карантин режимі сақталғанын ескере отырып, қауіпсіздік шаралары – қорғаныс маскасы мен қолғабын киіп, антисептикті қолдануды ұмытпау керек», деді Абат Шыныбеков.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың нақтылауынша, 9 баланың да ауруы байқалмай өтуде. Соның ішінде бір жасқа дейінгі бала үй карантинінде жатыр. 

«Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ауру белгісі байқалмайтындар тексерілгеннен кейін емхана дәрігерлерінің бақылауымен үй карантинінде бола алады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.

БҚО әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, соңғы тіркелген 8 науқастың үшеуі – Ресейде жұмыс істейтін облыс тұрғындары. Бес адам – бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар.

Өңірде ауырған 360 адамның 210-ы жазылып шықты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар