Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған соңғы 11 науқастың 10-ы Теңіз кен орнынан келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, олардың бәрі де – облыс тұрғындары.
Көрші өңірден келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Тағы бір науқас – 31 жастағы облыс тұрғыны. Ол бұрын коронавируспен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 11 адамда COVID-19 диагнозы расталып, барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 266-ға жетіп, соның 112-сі емделіп шықты.