Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған соңғы науқас Ресейден келген шымкенттік тұрғын болып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өңірде коронавирус жұқтырған соңғы науқас – Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғыны.
Самара облысымен шектесетін «Сырым» бекетінен өткен кезде оның денсаулығына шағымы болмаған. Дегенмен ол жедел жәрдеммен карантиндік стационарға жеткізілді.
Зертханалық сынама қорытындысымен одан коронавирус анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 64-ке жетіп, соның екеуі жазылып шықты. Сырқаттанғандардың 56-сы – шеттен келгендер.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Тасқала ауданында карантиндік және провизорлық стационар ашылғанын жазған болатынбыз.