06 мам, 2020 сағат 16:38

БҚО-да коронавирус жұқтырған бес адам Теңіз кен орнынан келген

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған соңғы бес адам Атырау облысындағы Теңіз кен орнынан келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, олардың бәрі де – өңір тұрғындары.

Барлығы індет жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланып, бесеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 208-ге жетті.