Батыс Қазақстан облысында тіркелген соңғы алты науқастың бәрі де – медицина қызметкері, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, олар коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлерін тексеру кезінде анықталды. Зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланғаннан кейін барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Өңірде індетке қарсы шаралар жалғасуда.
Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 152-ге жетіп, соның 9-ы жазылып шықты. Ауырғандардың басым көпшілігі - Ресейден келгендер. 28-і - медицина қызметкері.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тағы 6 медицина қызметкерінен коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.