#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

БҚО-да адамдардың бір-біріне коронавирус жұқтыруы жиілеп отыр

  • 26.05.2020
  • 0
  • 227

Батыс Қазақстан облысында адамдардың бір-біріне коронавирус жұқтыруы жиілеп отыр.

Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".. 

Ауырғандардың басым көпшілігі немесе 89 пайызы Орал қаласында шоғырланған. Сондай-ақ облыстың жеті ауданында коронавирус жұқтырғандар анықталды. 

Соңғы үш күнде аурудың өсу деңгейі 7 пайыздан 9,2 пайызға жетті. Мұның бір себебі – бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болғандардың бәрі тексерілуде.

Сырқаттанғандардың 57,6 пайызы немесе 265-і – сырттан келгендер. Соның ішінде 192-сі – Ресейдің Самара, Саратов облысы арқылы елге жеткендер. Германия мен Беларусьтан келген бір-бір адамнан ауру табылды. 

Теңіз кенішінен келгендер арасынан 71 адамның дертке шалдыққаны белгілі болды. Өкінішке қарай, дене қызуы көтерілсе де, қауіпсіздікті сақтамау салдарынан олардың ауруды өз туыстарына, әйелі, балаларына жұқтырғаны анықталды. Сондай төрт ауру ошағында 17 коронавирус оқиғасы тіркелді. 

Қарым-қатынаста болған 189 адамнан ауру табылды.

Өмір болған соң, өлім-жітім кездеспей тұрмайды. Сырым және Шыңғырлау ауданында жерлеу рәсіміне көп адамның жиналғаны анықталды. 

Сырым ауданында төрт адам дертке шалдықты. Соның ішінде біреуі өз отбасындағы екі адамға және медбикеге ауру жұқтырды. Ауру белгілері байқалған бойда ауруханаға бармай, жедел жәрдем шақырса, індет олай таралмас еді. Қазіргі кезде ауданда карантин жарияланып, науқастармен қарым-қатынаста болғандар тексеріліп, сынама теріс нәтиже көрсетті. 

Сонымен қатар Шыңғырлау ауданында бір адамнан коронавирус табылды. Енді эпидемиолог мамандар сол жерлеу рәсіміне қатысқан адамдарды анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

«Ең басты шарт – адамдар көшеге шыққанда, ара қашықтықты сақтауы, көпшілік жиындарға бармауы керек. Мысалы, Ораза айы мен айт күндері адамдардың бір-бірін қонаққа шақыруы жиіледі. Сондай-ақ автобустарға мінгендер, базар, дүкендерге барғандар ішінде бетпердесіз жүргендер аз емес. Жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар да дезинфекциялық, санитарлық талаптарды сақтай бермейді. Егер олар мұны жалғастырса, сол бағыттағы автобустар қозғалысын тоқтатуға дейін шешім қабылданатын болады. Қорыта айтсақ, 15 маусымға дейін ұзартылған карантиндік талаптарды сақтай алсақ қана шектеу шараларын жеңілдетеміз», деді М.Арыспаев. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар