13 қар, 2017 сағат 09:51

Біздің жұрт Бөкейді неге бөтенсиді?

Шүкір, бүгінде бірталай тарихымыз түгенделді. Өшкеніміз жанды, жоғымыз табылды. «Мәдени мұра» бағдарламасы тарихымызды тереңінен тануға, өткенімізден өнеге алуға мүмкіндік берді. Тіпті бір жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялап, тарих көмбесін ақтаруға арнадық. Жақында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан» жобалары қолға алынып, туған жердің тарихын қайта қарауға, өскен өңіріміздегі қасиетті орындарды қайтадан жаңғыртуға жол ашылды. Мұның барлығы да – бізге беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Елбасы тау-тасыңның, жер-суыңның атауы қайдан шыққанына зер сал, оны кейінгі ұрпаққа аманат қыл, туған жеріңнен түлеген тұлғаңды таны, оның ел үшін еңбегіне үңіл, соны басқаларға насихат қыл деп отыр. Біз осы мүмкіндікті өз пайдамызға жарата алдық па?

Менің туған өлкем – Атырау об­лысының Құрманғазы ауданы. Жал­пы, жұрт «Жүзарал жері» деп атай­тын бұл өңір – тұмса тарихтың кені, талай тұлғаның түлеген жері. Ту­ған өлкем тарихқа тұнып-ақ тұр. Өкі­ніштісі, сол қазына-көмбені әлі де аша алмай келе жатқан секілдіміз.

Құрманғазы ауданының тарихы ары­сы Алтын Ордадан бастап, кейін­гі Бөкей хандығымен (Ішкі орда) тікелей байланысты. Не­гі­зін­де, Бөкей ордасы дегенде Батыс Қа­­­зақстан облысы еске түсетіні бар. Рас, Жәңгір ханның ордасы (став­ка­сы) – Орал өңірінде. Жәңгірге дейін Ішкі орданы билеген Бөкей хан­ның ордасы – Қазақстан ше­ка­ра­сынан 3 шақырымдай әріде, Ре­сей­дің Астрахан облысы Красный-Яр ауданының Байбек деген же­рін­де. Одан кейінгі Шығай сұлтанның ор­дасы – осы Құрманғазы ауда­ны­ның Кө­нек мекенінде болған. Жаз­ғы ең­бек демалысында бабалардың ізі қал­ған Байбекті де, берідегі Кө­некті де көріп қайттым.

Орыстың жерінде қалды де­ме­сең, Бөкей ордасының алғашқы ас­­­танасы болған Байбектің бүгінде тү­тіні түзу. Мұнда Бөкей ханның ма­зары менмұндалап тұр. Жанында жұ­байы Атан ханым және ханның се­рігі болған Сейіт баба жерленген.

Бөкей хан бұл жаққа қалай кел­ді? Қайып хан дүниеден озғаннан кейін Қазақ хандығы үш жүзге б­ө­лі­ніп, әр жүздің өз ханы сайланып, ұлы ханға бағынғаны белгілі. Осы кезде Кіші жүздің алғашқы ханы Әбіл­қайыр болды. Әбілқайырдан кейін билік ұлы Нұралының қолына өт­ті. Нұралыдан кейін Кіші жүздің хан тағына Ералы, Есім, Айшуақ хан­дар отырды. Айшуақтың билікке келуі Бөкей сұлтанның Кіші жүзден ір­гесін аулақ салуына әкеліп соқ­тыр­ды. Бөкей өз иелігімен Жайық­тан Еділге дейінгі даланы жайлауды мақ­сат тұтып, І Павел патшаға бір­­­неше рет арыз айтты. Ақырында, 1801 жылы Бөкейдің сұранысын қа­нағаттандыру туралы патша жар­лығы шығып, Бөкей бастаған қа­зақ­тар, нақты айтқанда 25 мың адам Жайықтың оң жағына көш ау­ды. Осылайша, Еділ – Жайық ара­­­лы­ғында Ішкі орда (кейінгі Бө­кей хан­дығы) мемлекеті құрылды.

Бөкей жаңа мемлекетінің орда­сы етіп Байбекті таңдаған. Алайда ол ұзақ хандық құрған жоқ. Үш жыл­­дан кейін қайтыс болып, өз ама­­наты бойынша сүйегі Байбектегі Сейіт бабаның жанына жерленді.

Бөкей хан дүниеден өткен кезде тақ мұрагері Жәңгір сұлтан әлі жас болатын. Сондықтан билікті Нұралының тағы бір баласы Шығай уа­қытша өз қолына алды. Ол 1815-1823 жылдары, яғни 8 жыл орданы бас­қарды. Алайда ресми түрде хан с­татусын алған жоқ.

Шығай 1820 жылы ордасын бү­гін­­гі Құрманғазы ауданының Ең­бек­ші округына қарайтын Көнеу ауы­лының терістігінен 2 шақы­рым­дай жерге көшірді. Биылғы «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында, қа­сиетті жерлер қатарына қосатын бір мекен болса, ол – осы Көнеу еді. Өкі­нішке қарай, мұнда бұл жердің Бө­кей хандығының ордасы болғаны ту­ралы бір белгі жоқ.
Шығайдың кезінде Ішкі ордада­ғы жұрттың жағдайы оңалып, мал-жа­нының саны артты. Жәңгірден бұ­рын қазақтарды отырықшы өмір­ге баулыған осы Шығай болатын. Осы мақсатта Каспий теңізінің жа­ға­сынан ағаш үйлер салуды қолға ал­ды. Қазақтардың балық шаруа­шы­лығына ден қоюы да осы Шы­ғай­дың тұсында қарқын алды. Алай­да соңыра билікті өз иесі Жәң­гір­ге аманаттап, қалған өмірін қара­ша жұртпен бірге өткізді.

Шығайдан дәулескер күйші Дәу­леткерей тарады. Дәулет­ке­рей­дің дүниеге келген жері – осы Кө­неу­дің маңы. 2006 жылы Еңбекші ок­ругына қарайтын Кобяково ауы­лына Дәулеткерейдің есімі берілді. Шы­ғайдың атында ауыл түгіл, көше жоқ. Шығайды айтамыз-ау, ағасы Бө­кей ханның өзін біздің жұрт бө­тенсінетін секілді. Олай дейтінім, Ал­тын ордадан кейін ноғай мен қал­мақ қонып, одан қалса, орыс-ка­зактың оты болған осы даланы қа­заққа атақоныс қылып, іргелі ел­ге айналдырған Бөкей хан еді. Алай­да Ганюшкиннің атауын Бө­кейге беру туралы ел ұсынысы әлі де қолдау таппай тұр.

Жақында Құрманғазы ау­да­ны­ның орталығы – Ганюшкиннің атын өзгерту мәселесі ауданда қайта кө­терілді. Ауыл атын «Бөкей», «Құр­­­­манғазы», «Жетіарал» деп өзгерту ту­ралы ұсыныстар болды. Сөйтіп, қо­ғамдық кеңес мүшелерінің басым көп­шілігі «Құрманғазы» атауын қош көріпті. Білдей бір ауданның атауы – Құрманғазы атамыздың атын­да. Енді аудан орталығын да Құр­манғазы қылмақ па? Ауданда Құрманғазы атын алған мекемелер, ұйымдар онсыз да жетіп жығылады. Ауыл атын Құрманғазыға қимай, не қызғанып тұрғанымыз жоқ. Осы аудан көлемін ел қылған, жаудан қорғаған Бөкейде бір атау жоқ емес пе, соны неге ескермейміз? Бөкей­дің атында ауыл тұрмақ, мектеп, кө­ше жоқ. Есті адам жерге, суға атау бе­рерде тамырға, тарихқа үңілмес пе? Осы елге қорған болған, құтын асыр­ған ерін еске алмас па? Бұлай елеу­сіз қалдырардай Бөкейдің не жа­зығы бар еді?!

Бөкей ханға ауыл атын беру тура­лы бұрынырақта елдің ардагер қа­ламгері, марқұм Рахмет Иман­ға­лиев, кейін жазушы Өмірзақ Қа­жым­ғалиев жазды. Біз де екі жыл­дың алдында «Айқында» «Бөкей хан­ға бір атау бұйырмай ма?» деген ма­қала арнап, ұсыныс қылдық. Бұ­рылған бір жан болса-шы…

Шүкір ететініміз, аудандағы Мор­ское ауылдық округы – бүгінде Ма­қаш Бекмұхамедовтің атында. Әбіш Кекілбаевша айтқанда, «Аты­рау, Жайық бойында оның атын біл­мейтін адам жоқ». Мақаштың ма­зары да бүгінде осы ауылда тұр.

Жәңгір хан дүниеден өткеннен кейін, Бөкей ордасындағы хандық бас­қару жойылып, орнына 1848 жы­лы Астрахан губерниясына ті­ке­лей бағынатын Бөкей ордасын бас­қару жөніндегі Уақытша кеңес құ­рыл­­ды. Сөйтіп, Бөкей ордасының жер аумағында Бірінші және Екінші При­морье (Теңіз жағалауы) округ­тері және Тарғын, Таловка (Талөк­пе), Нарын, Қалмақ және Қамыс-Са­мар қисымдары құрылды. Ма­қаш осындағы Бірінші және Екінші При­морье аймақтарының правителі (әкім) болды. Бірнеше рет қазақ де­­­путациясы құрамымен Санкт-Пе­тербор барып, патша алдында ел тағ­дырына қатысты мәселелерді кө­терді, қазақтарды шоқындыруды тоқ­татуды талап етті. Мақаштың бас­шылығымен Екінші Теңіз жаға­лауы аймағында жиырма шақты мұсылман мектебі ашылды. Өзінің ті­келей қаржыландыруымен Ганюш­киннен орыс-қазақ мектебін сал­дырды. Күй атасы Құрманғазыға қол­дау көрсетіп, Уақытша кеңестің пра­вителі Лазаревскидің қолынан «ақ билет» алып берген де осы Ма­қаш болатын.

Мұны неге айтып отырмыз? Ма­­қаштың жиені, осы топырақтан тү­ле­ген (қарындасы Сарадан туған) Бақ­тыгерей Құлмановқа да біздің ел әлі күнге тиісті бағасын бере ал­ған жоқ. Мақаш жастай жетім қал­ған Бақтыгерейді оқытып-тоқытты. Кейін Бақтыгерей Думаның де­путаты болды. Алаштың ардақты ұлы­на айналды. Алашорда көсемі Әли­хан Бөкейхан «Құлманов кел­мей, съезді бастамаймыз» деп, Орын­борда күллі қазақты екі күн күт­тірген екен. Бақтыгерейдің мық­тылығын осыдан-ақ байқауға бо­ла­ды.

Алашорда үкіметі құрылғанда, оның төрағасына ұсынылған 3 қа­зақ­­тың бірі – осы Бақтыгерей бо­ла­тын. Атырау қаласында атына кө­ше берілді. Ауыл берсе де жа­распас па еді? Алдағы 22 жел­тоқ­сан­да Бақ­тыгерей Құлмановтың ту­ға­нына 160 жыл толады. Оның үс­тіне биыл – Алашорданың 100 жыл­дығы. Бақ­тыгерейдің «бағын аша­тын» уақыт туған секілді.

Мақаш пен Алашордаға тікелей қа­тысты тағы бір тұлға бар. Ол – Уә­литхан Танашев. Мақаш пен Уә­литхан – аталас туыс. Еспембет би­ден бес бала тараса, соның Ша­ла­байынан – Танаш, Бекпембетінен Шол­тыр өрбиді. Мақаш – Бек­пем­бет­тің немересі. Ал Уәлитхан – Та­наш­тың шөбересі.

Уәлитхан Алашорданың Уфа ди­рекциясы, Сібір, Комуч үкімет­теріндегі елшісі болды. Ә.Бөкейхан, А.Тұрлыбаевтармен бірге Колчак үкіметімен келіссөздер жүргізді. Биыл Уәлитхан Танашевтың туға­ны­на – 135 жыл. Мұны да ескерген жөн шығар.

Өткенде Атырау өңірлік ком­му­никациялар қызметінің ұйымдас­тыруы­мен өткен баспасөз кон­фе­ре­н­циясында Құрманғазы ауда­нының әкімі Бибоз Шаяхметов: «Ганюш­кин­ді өзгерту – елдімекендер ата­уын жаңарту бағытындағы жұмыс­тардың біріншісі. Бұдан кейінгі ке­зекте Сафон, Кудряшово, Ко­тяев­ка ауылдарының атауын өзгер­ту мәселесі қаралмақ» деген екен. Әрине, бұл атауларды өзгертетін уа­қыт баяғыда-ақ жетті. Мәселен, Са­фонға – Бақтыгерей Құлманов­тың, Кудряшовоға – Уәлитхан Та­нашевтің есімін неге бермеске?! Айт­пақшы, аудан әкімі айтқан Са­фон, Кудряшово, Котяев ауыл­дары­мен қатар, аудандағы Киров, Ка­дырка ауылдарының да атын өз­герту керек. Кадырка ауылына Шы­ғай сұлтанның есімін беруге әб­ден болады. Котяев ауылына осы өңір­дің тумасы, белгілі күйші Сма­ғұл Көшекбаевтың атын берсек, жа­­­распас па?

Рас, Ганюшкинде С.Көшекбаев атындағы Мәдениет үйі, тағы бірер ауылда көше бар. Алайда айдай әлем­ге дәулескер Дина Нұрпейісова ше­шемізді танытқан, сүйегі алман­дардың жерінде қалған Смағұл ата­мызға ауыл атын беру артық ет­пес еді.

Киров ауылдық округын – Жаңа­талап, оған қарасты Дәшін ауы­лын Хиуаз Доспанова ауылы деп өзгерткелі жатыр екен. Мұндай ұсынысты Киров ауылдық окру­гінде өткен жиналыста округ әкімі Олжас Тәжібаев айтыпты. Дәшін – қалмақтан қалған атау. Еділ қал­мақтарының екінші тайшысының аты Дайчин болған. Қалмақ атау­лары қазақ жерінде өте көп. Оларды қозғамаса да болады. Алайда ауыс­тыру қажет болса, Дәшін ауылына Қазақстанның халық қаһарманы, қа­зақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз апамыздың атын беру – құп­тарлық іс.

Тек Кировті Жаңаталап деп өз­герту көңілге қонбайды екен. Жаңа­талап – 1936 жылы құрылған өңір­дегі төрт колхоздың бірі. Қанша жер­ден жаңашылдыққа шақыратын қа­зақы ұғым десек те, нағыз сәбет­тің иісі сіңген атау. Оны қайта жаң­ғыр­тудың қажеті бар ма? Одан да Киров ауылдық округіне Әбілқайыр ханның немересі Мерәлі Қара­тайұлы­­ның атын неге бермеске?

Екінші Приморье аймағын Ма­қаш Бекмұхамбетов 26 жыл бас­қарғанын білеміз. Мақаштан кейін Екінші Приморьенің правителі Мерәлі сұлтан болды. Мерәлі орда­сын дәл осы Дәшін жеріне тікті. Мерәліден атақты күйші Мұхит тара­ған болатын. Екінші Приморье аймағы 1928 жылдан бастап, Теңіз ау­даны болып қайта құрылды. 1993 жыл­дан Құрманғазы ауданы деп ата­лады. Ендеше, Құрманғазы ауда­нының «екінші әкімі» неге елеусіз?


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін қазақ даласында сең жүрді. Туған жердің тұлғаларын тану, қа­сиет­ті мекенді айшықтап, атын аспан­дату – осы бағдарламаның басты мұраты. Олай болса, Елбасы бастамасына Атырау жұрты, соның ішінде Құрманғазы ауданының атқамінерлері үн қосып, қарекет қылып, хан-сұлтандар Бөкей Нұралыұлы, Шығай Нұралыұлы, Мерәлі Қаратайұлын, алашордалық арыстар Бақтыгерей Құлманов, Уалитхан Танашевтардың атын асырып, ұлықтауды ұмыт қалдырмайтын шығар деп үміт етеміз.

Серікбол ХАСАН,

"Айқын" газеті