14 қаң, 2025 сағат 13:12

"Аутист балалар неліктен көбейіп кетті" — Аутизмді зерттеуші ғалым жауап берді

Фото: Pexels.com

«Біздің заманымызда аутизм болған емес» немесе «Қазір аутизм көбейіп кетті» деген пікірлерді жиі естиміз. Канаданың Макгилл университетінің ғалымы, коммуникациялық бұзылыстар саласындағы зерттеуші Нариман Амантаев мұндай таптаурындар аутизмді дұрыс түсінуге кедергі келтіреді дейді. Ол аутизмге қатысты үш танымал мифті талдап, олардың неліктен шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндірді. Сондай-ақ, мұндай таптаурындар қалай пайда болғанын айтып берді.

Фото: Нариман Амантаев. Instagram.com

«Біздің заманымызда аутизм болмаған»

Ең алдымен Нариман Амантаев бұрынғы кезде аутизм болмаған деген мифті жоққа шығарды. Аутизм қай кезде де болған, алайда оны басқа диагноздармен шатастырып отырған.

«Біздің заман деп көбі Кеңес Одағы кезеңін меңзейді. Кеңес Одағында аутизм болды ма? Әрине, болды. Дегенмен, бұл диагнозды өте сирек қоятын, көбіне «шизофрения» деп диагноз қойғанды жөн көретін. 
Егер бала сөйлемесе немесе сөздік қоры аз болса (ал аутист балалардың шамамен 30%-ы сондай), оған көбіне «ақыл-ойының кемістігі» деген диагноз қоятын. Сондықтан ол кезде адамдар аутизм туралы мүлдем естімеген еді», - дейді зерттеуші.


Бұған қоса, ол кезде мұндай диагнозы бар адамдарды арнайы мекемелерге жіберетін немесе отбасылары оларды қоғамның сынынан қорқып, үйлерінде жасыратын болған.

«Мұндай жүйе аутизм мен басқа да психиатриялық диагноздарды қоғам санасынан толығымен өшіріп тастады. Сол себепті аға буын өкілдері қазіргі гаджеттер (немесе тағам) «аутизмді тудырады» деп ойлауы мүмкін — олардың кезінде бұл екеуі де болмаған. Алайда олардың бір нәрсені байқамауы, оның мүлдем болмағанын білдірмейді», - дейді Нариман Амантаев.


«Аутизм мен АСБ (РАС) — бұл әртүрлі диагноздар»

Ғалым бұл екі диагноздың бір-бірінен айырмашылығы жоғын айтады. Неге екені, медицинада көбіне «аутистік спектр бұзылысы» диагнозын қойғанды жөн көреді. 

«Аутистік Спектрі Бұзылысы (АСБ) — бұл DSM-5 және МКБ-11 сияқты диагностикалық нұсқаулықтарда қолданылатын ресми атау. Медицина аутизмге бұзылыстар мен жетіспеушіліктер призмасы арқылы қарайтынын "бұзылыс" терминін қолданатынынан-ақ байқауға болады. Алайда бұл тәсіл, әсіресе аутизм қауымдастығы арасында сынға ұшырауда, себебі мұндай тіл аутизмге қатысты стигматизацияны күшейтіп, оның шынайы табиғатын көрсетпейді», - дейді ол.


Сондықтан көбі екпінді «бұзылысқа» қоймай, «аутизм» сөзін қолдануды жөн көре бастаған.

«Аутизм қауымдастығы бұл терминді анағұрлым бейтарап және дұрыс анықтама деп санайды, себебі бұл олардың тәжірибесін тек мәселелер шешу немесе шектеулер тұрғысынан қарастырмайды», - деп түсіндірді Амантаев.


"Қазір аутизм эпидемиясы жүріп жатыр"

Нариман Амантаев бұл мифті де жоққа шығарды. Айтуынша, ешқандай эпидемия жоқ. Жай ғана аутизм диагнозын қою саны артқан, алайда бұл аутист адамдардың бұрынғыдан көбейгенін білдірмейді.

«Біріншіден, қазір аутизмді ерте және нақтырақ анықтай бастады. Мысалы, қазіргі таңда 18 айлық баладан да аутизм белгілерін анықтауға болады (сирек болса да), ал бұрын бұл үш жастан кейін ғана мүмкін еді, оның өзінде өте сирек жағдайда. Бұл статистикаға әсер етеді.
Екіншіден, аутизм критерийлері өзгерді. 2013 жылы DSM-5 шыққаннан кейін (психиатриялық аурулардың америкалық классификаторының 5-ші басылымы) бірнеше синдром бір санатқа біріктірілді. Мысалы, Аспергер синдромы, балалар аутизмі және атиптік аутизм жеке диагноз ретінде жойылып, Аутист Спектрі Бұзылысының (АСБ) бөлігіне айналды. Бұл автоматты түрде АСБ диагнозына жататын адамдар санын арттырды. Бұл да статистикаға әсер етеді», - деп нақтылады ғалым.


Айтуынша, бұл өзгеріс МКБ-ның (ТМД-да қолданылатын аурулардың халықаралық классификаторы) тек 2018 жылы шыққан 11-ші басылымында ғана жазылған. Сондықтан елімізде әлі күнге дейін диагноздар ескі классификатор (МКБ-10) бойынша қойылады, онда Аспергер синдромы, балалар аутизмі және атиптік аутизм әлі де бар.

«Үшіншіден, мамандар мен ата-аналар арасында аутизм туралы хабардарлық артты. Бұрын диагноз қойылмаған немесе қате диагноз қойылған (мысалы, «ЗПР») адамдар қазір анағұрлым нақты қорытынды алуда. Бұл ересектер арасында да аутизмді анықтауға мүмкіндік берді, оларға бұрын диагноз қойылмай келген немесе ол туралы білмейтін. Бұл да статистикаға әсер етеді», - дейді Амантаев.


Өз қызметінде аутист адамдармен жиі араласатын ғалым екі топ үшін де сапалы өмір сүруге кедергі болатын басты мәселе — диагноздың өзі емес, қоғамның ақпараттану деңгейінің төмендігі мен аутисттерге деген теріс көзқарас, дейді.

«Шын мәнінде, аутисттер үшін негізгі мәселе — аутист емес адамдар. Аутисттердің өз диагнозымен жап-жақсы өмір сүреді, бірақ қоғамға шыққанда қиындықтарға тап болады, өйткені аутизм туралы көзқарас (әсіресе ТМД елдерінде) көбінесе жағымсыз сипатқа ие. Аутизмнің жақсы жақтарын біз өте сирек талқылаймыз, өйткені аутистердің кім екенін нақты білмейді. Сипаттап берші десең, оларды тұйық, оғаш және эмоциялық тұрғыдан алшақ деуі мүмкін - мұның өзі жақсы сипат. Бұл стереотиптер толығымен қате және аутист адамдармен таныс кез келген адам мұны жақсы біледі», - деп қорытындылады Амантаев.