15 мау, 2021 сағат 15:32

"Биязы бол": Хиджаб киіп бидің түбін түсірген Индира Расылхан желіде сынға ұшырады (Видео)


Қазақстандық танымал әнші Индира Расылхан желіде тойда билеп жүрген видеосымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары хиджаб киіп жүрген әншінің бұл әрекетін ерсілеу көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ

Индира Расылхан өзінің Instagram парақшасында көңілді сәтінен видео жариялаймын деп оқырмандарының сынына ұшырады. Бейнежазбада оранып алған өнер иесінің бидің түбін түсіріп жатқанын көруге болады.

Бұл жайт желі қолданушыларының көңілінен шықпаған көрінеді. Олар орамал тартып жүрген келіншектің жұлқына би билегеніне шүйліккен. Көпшілік әншінің әрекетін аса ерсі деп санаған.

"Оранып алған соң ба бұраңдап билегеніңіз, не меңзегеніңіз деген сұраққа еріксіз апарады", "Сабыр берсін", "Құлағы жабық, тобығы ашық", "Орамал тақтың ба салмақты, биязы бол", "Шошаңдамай жүруге болмайды ма", "Хиджабтағы әйел , биязы, әдепті сөйлеу керек. Сен ел алдында жүр емессің бе үлкенге де, кішіге де, сенен үлкен болған соң, ерсі болғаннан кейін айтамыз", "Хиджабқа сай жүрсеңші, әлде жарнама үшін киіп жүрсің бе", - деп ашуланды оқырмандар.