Бішкекте Үкімет үйінің алдында митингіге шыққан топ Баткен облысының шекарасын қорғау үшін қару беруді талап етті, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесіне сілтеме жасап.
Атап өтілгендей, Бішкек қаласындағы Үкімет үйінің алдында митингіге шыққандар оларға Баткен облысындағы шекараны қорғау үшін қару беруді талап етіп отыр.
«Алайда, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшылығы аталған талаптың салдары ауыр болуы мүмкін болғандықтан, оны орындау мүмкін емес екенін атап өтті», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, үкіметтік делегациялардың қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздері жалғасып жатыр. Сондай-ақ, шекаралық құрылымдардың екі басшысы Тәжікстан аумағында келіссөздер жүргізу үстінде.