26 қаз, 2020 сағат 10:15

Бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауады

Апта басында Финляндиядан көп мөлшерде ылғал ала келетін циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райына әсер етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауады. Сондай-ақ кейбір өңірлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің солтүстігінде қар жауады. Тек аптаның ортасына қарай батыстан соққан антициклон республиканың басым бөлігіне ауысып, температураның төмендеуі күтіледі. Батыста үш күн бойы жауын-шашын болмайды», - деп болжайды синоптиктер.