Қостанай және Түркістан облыстарында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.
6 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай, бұршақ түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел найзағай кезінде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз кей жерде ауа температурасы 37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
6 шілдеде түнде Түркістан облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
7-8 шілдеде өңірдің басым бөлігінде 40-430С қатты ыстық болады.