11 қыр, 2020 сағат 07:56

Бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

Кейбір жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты: 

№67/68 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» бағытындағы жолаушылар пойызы 4 күнде 1 реттен күн аралыққа жүру жиілігі 15 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан қысқарса, Өскеменнен келуі/жөнелтілуі 16 қыркүйектен бастап қысқарады, ал Нұр-Сұлтан Нұрлы жолға келуі 17 қыркүйектен бастап жүру жиілігі күн аралыққа қысқарады;

№4/3 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы күн аралық сайын қатынайтын пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан 13 қыркүйектен бастап тақ сан бойынша жөнелтілсе, Алматыдан келу/жөнелтілуі 14 қыркүйектен бастап жұп сан бойынша, Нұр-Сұлтан Нұрлы жолға келуі 15 қыркүйектен бастап тақ сан бойынша ұзартылады; 

№25/26 «Алматы-2 – Шымкент» бағытындағы күн аралық сайын қатынайтын пойыз қайта жанданып, Алматыдан 14 қыркүйектен жұп сан бойынша жөнелтілсе, Шымкенттен келуі/жөнелтілуі 15 қыркүйектен тақ сан бойынша, Алматыға 16 қыркүйектен жұп сан бойынша келеді; 

Сонымен қатар,тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жолаушылар пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады:

- №656/655 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Айсары» Нұр-Сұлтан Нұрлы жол мен Айсарадан 2 қазаннан бастап жөнелтіледі; 

- №353-903-108/107-902-354 пойыздар құрамындағы қатынайтын жолда тоқтамайтын реттік вагон №26/27 «Павлодар-Жезқазған», Павлодардан 2 қазаннан бастап жөнелтілсе, Жезқазғаннан 4 қазаннан бастап жөнелтілетін болады; 

- №339-56/55-902-354 пойыздар құрамында қатынайтын жлолда тоқтамайтын реттік вагон №25 «Павлодар-Қызылорда», Павлодардан 1 қазаннан бастап жөнелтілсе, Қызылордадан 3 қазаннан бастап жөнелтіледі;

- №22-6941/6942-21 пойыздар құрамдарында қатынайтын жолда тоқтамайтын реттік вагон №30/32 «Алматы-1-Достық», Алматыдан 2 қазаннан бастап жөнелтілсе, Достықтан 3 қазаннан бастап жөнелтіледі; 

- №86/85 пойыздың құрамындағы №25/26 «Қарағанды-Сарыағаш» тіркемелі реттік вагондар, Қарағандыдан 1 қазаннан бастап жөнелтілсе, Сарыағаштан 2 маусымнан бастап жөнелтілді;

- №673-86/85-674 пойыздарының құрамындағы №21/22 «Павлодар-Сарыағаш» тіркелмелі реттік вагондар, 1 қазаннан бастап Павлодардан жөнелтілсе, 3 қазаннан бастап Сарыағаштан жөнелтіледі.

Аталған пойыздарға бұрын жол жүру билеттерін ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.