Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдегі Қазақстан азаматтары үшін жаңа қызметтер туралы хабарлады. Оның сөзінше, әр апта сайын шетелде жүрген отандастарымыздан қандай да бір қағазға қатысты істерді шешу бойынша өтініштер келіп түседі, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Бір анықтама алу үшін отанына келіп-кетуге мәжбүр болады. Оның ішінде паспортты өзгерту, баланың туғанын тіркеу, мысалы, үйлену немесе ажырасу секілді қызметтер жиі ұшырасады.
Сондықтан аталған қызметтерді egov-та шығару туралы шешім қабылданды.
"Қазір шетелде жүрген кез келген қазақстандық неке қию немесе некені бұзу, тууды, қайтыс болуды тіркеу және атын, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін құжаттарды eGov.kz арқылы тапсыра алады", - деп түсіндірді Мусин.
Қазір сервисті әлемнің 23 елінде орналасқан республика азаматтары пайдалана алады, мемлекеттер тізімі біртіндеп ұлғаятын болады, деп толықтырды министр.
Қазір ҚР Қаржы министрлігі қазақстандық паспорттарды беру мерзімін қысқарту бойынша жұмыс істеп жатыр: қазір оларды дайындау уақыты 80 күнді құрайды. Мәскеуде іске қосылған пилоттық жоба беру мерзімін 30 күнтізбелік күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді, ал болашақта ол 18-ге дейін қысқарады.
"Шетелдік мекемелерде база орнатылады, беруді 18 күнге дейін жеделдету бойынша жұмыс істейміз. Әрі қарай ол ең көп сұранысқа ие қалалар мен елдерге – Франкфурт, Берлин, Мюнхен, Вашингтон, Нью-Йорк, Сеул және Дубайға таралады", - деп түсіндірді Қаржы министрі.
Қазақстанда халықтың 62%-ы, ал бұл шамамен 12 миллион қазақстандық электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланады, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оның алдында Қазақстанға келгендердің сауалнамасы цифрлық форматқа ауыстырылатынын айтты. Сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сауалнамаларды смартфоннан толтыруға болатынын хабарлады.
"Қазірге дейін сауалнамалар қағазға толтырылды, бұл қолайсыз екені белгілі. Қызметкерлер күн сайын жүйеге 1 000 қағаз сауалнаманың мәліметтерін енгізді! Қолмен! Біз оны цифрлық форматқа ауыстырамыз. Қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ, тек QR кодын сканерлеп, смартфоннан сауалнаманы толтырыңыз!"- деп мәлімдеді Бағдат Мусин.
Бұл шешімді қабылдауға 2020 жылы пандемияның да әсері болды. Себебі дәл осы кезеңде шетелмен арадағы әуе байланысы тоқтап, құжат алу барысында қиындықтар кездесті. Министр Бағдат Мусиннің айтуынша, 2020 жыл қиын болды. Пандемия цифрландыру қарқынын жеделдетті. Сол себепті барлығы онлайн режиміне өтіп жатыр. Байланыс пен интернетке қол жетімділіктің маңыздылығы артты.
Интернет пандемия кезінде әлемді құтқарды. Халық мұны басқалар сияқты сезінді, - деді министр.
Министрліктің есебеніе сәйкес, байланыс саласы жыл қорытындысы бойынша 8,6% -ға (880 млрд теңге) өсуді көрсетті. 5214 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, алайда 1200 ауылда интернет жылдамдығына қатысты мәселелер қалып отыр.
"2021 жылы біз сапаны жақсарту үшін жұмыс істейтін боламыз. Ол үшін 286 ауылды 3G/4G, 80 ауылды спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына ауыстырамыз және 255 ауылды мобильді КЖҚ сапасын жақсартамыз", - деді Мусин.
Министрдің айтуынша, бұрын байланыс сапасының ең төменгі шегі реттелмеген. Енді байланыс сапасының ең төменгі көрсеткіштері анықталған әдістеме бекітілді: мысалы, 4G үшін – кемінде 5 МБ/сек, 3G үшін – 1 МБ/сек.
Естеріңізге сала кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдегі Қазақстан азаматтары үшін жаңа қызметтер туралы хабарлады. Оның сөзінше, әр апта сайын шетелде жүрген отандастарымыздан қандай да бір қағазға қатысты істерді шешу бойынша өтініштер келіп түседі. Бір анықтама алу үшін отанына келіп-кетуге мәжбүр болады. Оның ішінде паспортты өзгерту, баланың туғанын тіркеу, мысалы, үйлену немесе ажырасу секілді қызметтер жиі ұшырасады.
Сондықтан аталған қызметтерді egov-та шығару туралы шешім қабылданды.
Қазір ҚР Қаржы министрлігі қазақстандық паспорттарды беру мерзімін қысқарту бойынша жұмыс істеп жатыр: қазір оларды дайындау уақыты 80 күнді құрайды. Мәскеуде іске қосылған пилоттық жоба беру мерзімін 30 күнтізбелік күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді, ал болашақта ол 18-ге дейін қысқарады.