12 қыр, 2021 сағат 03:43

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК-сы бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Нұр-Сұлтанда 12 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

12 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 2 градус үсік жүреді.

Көкшетауда 12 қыркүйек күні күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

12-14 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. 

12-13 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 12 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жел болады. Түнде 12-13 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күңдіз 12 қыркүйекте батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодарда 12 қыркүйекте батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

12 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда 12 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Түнде 12 қыркүйекте Қостанай облысының батысында 2 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады. 

Қостанайда күндіз 12 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 11-13 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз 11-13 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.