17 қар, 2022 сағат 11:39

Бір-бірімізге дайын сұрақтарды қоятынымыз ұят - Аймағамбетов


Семей қаласының тұрғындарымен кездесуде Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оған алдын ала дайындалған сұрақтарды қоймауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиынға қатысушылардың бірі министрден мектепте қандай үйірмеге қатысқанын сұрады. Ал, Аймағамбетов оған алдын ала дайындалған сұрақтарды қоймауға шақырды.

"Мұндай сұрақтар қойылмауы керек. Біз Жаңа Қазақстан туралы айтып, әділ Қазақстанды құруға тырысып жатырмыз. Бұл ең алдымен білім беру секторынан басталады. Сондықтан бір-бірімізге дайын сұрақтар қою ұят. Проблемалық сұрақтар бар ғой, неге соларды қоймайсыздар? Мектептегі материалдық-техникалық базаға қатысты, оқулықтар мен оқу бағдарламаларына, аттестацияға қатысты мәселелер бар. Бізге соларды қойыңыздар, біздің сапарымыздың басты мақсаты – келу, ашық сөйлесу. Кез келген сұраққа жауап беруге дайынмын", - деді министр.