22 қыр, 2020 сағат 09:21

Білім министрі: Мемлекет бөлген қаражатты тиімді пайдалану керек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов облыстық білім басқармаларының басшыларына «Жас маман» жобасын тиімді жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жас маман жобасы – кәсіптік-техникалық білімді дамытуға өте үлкен әсер ететіні белгілі. Өте маңызды жоба. Көптен бері осы жобаны әріптестеріміз армандап жүрген. Колледждерге тиісті құрылғылар, техникалар жетіспейтінін мәселе етіп көтеретін. Енді мемлекет тарапынан қомақты қаражат беріліп тұрған уақытта оны уақтылы әрі тиімді пайдаланып қалуымыз керек», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Министрдің облыстағы білім басқармаларының басшыларына нақты тапсырма берді.

«Бұл жұмысты өздеріңіздің жеке бақылауларыңызға алуларыңыз керек. Тағы да қайталап айтамын. Республикалық сайтқа әкелініп жатқан барлық техниканы, құрылғылардың актілерін, фотосын көрсетуіміз керек. Қабылдауды да комиссия арқылы жүргізіп, берілген қаражатты тиімді пайдалануға тиіспіз», - деді Асхат Аймағамбетов.