29 қаң, 2021 сағат 15:53

Бибігүл Иманғазина «Парасат» орденімен марапатталды

«Бибі-Ана» қайырымдылық қоғамының президенті Бибігүл Иманғазина «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қоғамының президенті, белгілі жазушы Бибігүл Иманғазинаға «Парасат» орденін табыс етті.

Бибігүл Иманғазина қоғамда белгілі «Тауқымет» атты романның және басқа да шығармалардың авторы, он жеті жасында кенеттен мүгедек болып қалған ол шығармашылықпен бірге мүгедек аналарды қолдаумен айналысуда.

1990 жылы мүгедек аналардың республикалық «Бибі Ана» қайырымдылық қоғамын құрды.

Қырымбек Көшербаев көрнекті жазушы әрі қоғам қайраткеріне денсаулық, шығармашылығына және қайырымдылық қызметіне табыс тіледі.