Биатлоннан ел кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Бүгін масс-старттан ерлер 15 шақырымға, әйелдер 10 шақырымға жарысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Әйелдер арасында Ольга Полторанина жеңіске жетті. Шығыс Қазақстандық спортшының көрсеткіші - 0:31:52. Екінші орында Д. Климина (Павлодар облысы), үшінші сатыда В. Сауленко (ШҚО).
Ерлер арасында Ақмола облысының намысын қорғаған Петр Ермоленко топ жарды. Күміс жүлдені Максим Браун (Павлодар облысы), қола жүлдені Әсет Дүйсенов (Алматы облысы) иеленді.