18 шіл, 2021 сағат 13:40

Бейжің халқының 90 пайыздан астамы толық вакциналанды


Бейжің қаласының 90%-дан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтті, деп хабарлайды «Синьхуа» ақпарат агенттігі.

Сенбі күнгі жағдай бойынша, Бейжіңде коронавирсқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 18,5 миллионнан астам адам салдырған, екі компонетті қаланың 17,5 тұрғыны ектірген. 

Бұл - Бейжің тұрғындарының 90,04 пайызы. 

Қазіргі уақытта Бейжіңде коронавирусқа қарсы 250 вакцинауия пункті бар.

«Синьхуа» агенттігі жазғандай, Қытайда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ «сырттан әкелінетін» жағдайлар мен коронавирус инфекциясының жергілікті өршу қаупі бар.

Өткен сенбідегі жағдай бойынша материктік Қытайда COVID-19 жұқтырдың өте қауіпті бір аймағы бар. 

Ол – елдің оңтүстік-батысында Мьянмамен шекарада орналасқан Жуйли қаласы. 

ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің соңғы деректеріне сәйкес материктік Қытайда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1,43 миллиардтан астам дозасы салынды.

Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырудың 33 расталған жаңа жағдайы тіркелді (32-сі «сырттан әкелінген, біреуі – жергілікті).