03 ақп, 2017 сағат 09:25

Бес жыл көрсетілген «Келін» телехикаясы аяқталады

«Қазақстан» телеарнасы 24 ақпанда «Келін» телехикаясының көрсетілімін аяқтайды, - деп хабарлайды телеарнаның сайты.

«Телекөрермендер жергілікті салт бойынша ерте тұрмысқа шыққан және бөтен отбасыға келін болып түскен кішкентай қыздың тағдырына бейжай қарай алмады. Өзінің еңбекқорлығының, төзімділігінің және үлкендерге деген құрметінің арқасында Ананди қайын жұртына тез сіңіп кетеді. Бұл қасиеттерінің арқасында қазақ көрермендерінің де көңілінен шығады» делінген хабарламада.  

«Келін» телехикаясы соңғы бес жылдың ішінде рейтингі жоғары теленовеллалардың қатарында болды. Осы жылдардың ішінде хикаяда бас рөлдерді сомдаған актерлар да бірнеше рет ауысты. Бала кездегі және бойжеткен Анандидің ролін үш актриса: Авика Гор, Пратюша Банерджи және Торад Распутра сомдады.

Еске сала кетсек, 2014 жылы Астанаға Авика Гор, ал 2015 жылы Анандидің жұбайының ролін сомдаған Сиддхартх Шукла (Шива) келген болатын. Әрбір кездесуге мыңдаған жанкүйерлер қатысты.

Бұдан бұрын «Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне бұдан да қызықты телехикаялар ұсынатындығын мәлім еткен.