29 қар, 2020 сағат 17:53

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. 

Ертең түнде Ақтауда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.

30 қарашада Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 

30 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

30 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

30 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.