05 қаз, 2020 сағат 16:30

Бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 

6 қазанда күндіз Петропавлда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

6 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Солтүстік-бытыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

6 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан, жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

6 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ертең түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.

6 қазанда Шымкентте солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

6 қазанда Түркістан қаласында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

6 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.