Берлинде 69-шы Халықаралық кинофестивалі басталды. Оның қазылар алқасына биыл француз актрисасы Жюльет Бинош жетекшілік етеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.
Фестивальге 400-ге жуық фильм ұсынылған. Соның 17-сі негізгі конкурсқа қатысады.
Әйел режиссерлер түсірген жеті фильм «Алтын аюға» таласады.
Фестиваль дат режиссері Лона Шерфигтің «Бейтаныс адамдардың қайырымы» атты картинасымен басталды.
Бұдан тыс, конкурста Агнешка Холланд, Мари Крейтцер, Изабель Койшет, тағы lf басқа әйел режиссерлердің туындылары көрсетіледі.