Коронавирусқа қарсы вакцина алу міндетті болуы керек немесе тиісті сертификатпен ынталандырылуы қажет. Брюссель университеті ауруханасының (UZ Brussel) бас директоры Марк Ноппен бельгиялық БАҚ-қа осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның пікірінше, мұндай шара халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау қарқынын арттыру үшін енгізілуі керек.
«Brussels times» газетіне берген сұхбатында бельгиялық маман М. Ноппен Брюссельде вакцинамен қамту қаланың басқа бөліктеріне қарағанда әлдеқайда төмен екенін атап өтті. Оның айтуынша, астанада вакциналауды кеңінен қамту оңай емес. Мұны Бельгия билігінің көптеген бастамасы көрсетіп отыр.
«Брюссельдегі вакциналау көрсеткіштеріміз Лондон, Париж, Амстердам немесе Роттердам көрсеткіштерімен бірдей», – деді М.Ноппен.
Оның пікірінше, бұл шын мәнінде астаналық феномен ғана.
«Проблеманың көп бөлігі – адамдар тобына Covid-19 вакциналары тиімді және қауіпсіз екені туралы ақпарат берілмейтіндігінде немесе дұрыс хабары жоқ. Біз қоғамды дұрыс хабардар етуіміз керек», – деді М.Ноппен.
М. Ноппен медициналық қызметкерлерді міндетті түрде вакциналауды жақтайды.
«Алайда Брюссельдегі науқастарға күтім көрсету орталықтарындағы вакциналаудың қазіргі деңгейі әлі де 50%-дан төмен, бұл мекемелерге келушілер үшін қауіп төндіреді. Біз бұған шыдай алмаймыз», – деді маман.
«Қандай да бір себептермен вакцина түбегейлі қарсы тұратын адамдар тобы бар. Оларды ешқандай ұтымды дәлелдермен сендіре алмайсың», – дейді М.Ноппен.
Осыларды айта келе ол екі бағыттың тактикасын қолдайды: вакцина алуды міндетті ету немесе вакцинадан өтуді қалайтындарға сертификаттар бере отырып ынталандыру.
«Анти-ваксерлерді аямаймыз», – қорытындылады сөзін Бельгия университетінің ғалымы.