08 жел, 2020 сағат 08:53

Бельгияға келген туристер үшін карантин ережелері өзгерді

Бельгияға коронавирус бойынша «қызыл аймаққа» енген елдерден оралған жолаушылар қайтадан он тәулік бойы карантинде болуы тиіс, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бельгияның Тестілеу және қадағалау федералды комитетінің басшысы Карине Мойкенс елге оралатын саяхатшылар үшін карантин ережелері күшейтілетінін айтты. 

«2020 жылғы 18 желтоқсаннан бастап барлық саяхатшы жолаушылар іздеу парағын (PLF) толтыруы керек, ал «қызыл аймақтан» келетін адамдар жетінші күні міндетті түрде ПТР тестінен өтіп, он күн бойы карантинге жіберілуі керек», -деді К.Мойкенс. 

Егер тест нәтижесі теріс болса, онда жолаушы карантиннен шығарылады.