14 қаң, 2021 сағат 07:32

Бельгияда кароль Филлиптің кортежіне шабуыл жасалды

Сәрсенбіде Брюссельде болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан Бельгия королі Филипптің кортежі бүлінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Наразылықтың себебі карантин шараларын орындаудан бас тартқаны үшін Африка елінен келген адамның ұсталуы болды. Наразылық аймағында Бельгия королі Филипптің де кортежі болған, ол да наразылық білдірушілердің шабуылына ұшырады. Дегенмен корольдің денсаулығына қауіп жоқ, жағдайы жақсы. 

Полиция күштері наразылық білдірген топқа Молотов коктейльдері мен тастар лақтырды. Бельгия әділет министрі Винсент ван Квикенборн Бельгия билігі 13 қаңтар күні кешке орын алған тәртіпсіздіктерге жан-жақты тергеу жүргізетінін атап өтті. Бельгия Әділет министрлігінің басшысы тәртіпсіздік бойынша 100-ге жуық адам қамауға алынғанын айтты. Билік қақтығысты мұқият және жан-жақты тергеуді уәде етеді.