Брюссель қаласының «Хэйзель» вакциналау орталығында 12 жасар Сара есімді қыз балаға коронавирусқа қарсы вакцинаның осы мекемедегі 250 мыңыншы екпесі салтанатты түрде салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Дүйсенбі күні қала мэрі Филипп Клоуз Сараны құттықтап, оған вакциналау сертификатын табыстады. Салтанатты марапаттау рәсімінен видеоны Ф. Клоуз Twitter-де жариялады.
Бельгияда 12-ден 15 жасқа дейінгі балалар ерікті вакциналаудан өте алады. Екпе салдыру кезінде баланың ата-анасының (қараушыларының) бірге келуі немесе олардың жазбаша рұқсаты талап етіледі.
2 тамыздың деректеріне сай, Бельгияда 8 миллион адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған. Одан бөлек, 7 миллионға (6 826 579) жуық адам вакцинаның екі компонентін де салдырған. Бұл Бельгия халқының ересек бөлігінің 73,4% және жалпы халықтың 59,3% құрайды.