22 қаң, 2021 сағат 07:35

Белгісіз біреулер Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда

Белгісіз бір адамдар әнші Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, фейк аккаунтпен жалған ақпарат таратуда.

Олар әншінің Instagram желісіндегі фотосуретті пайдаланған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жайлы әншінің әкесі Facebook парақшасында жазды. Қанат Айтбаев алаяқтардан сақтануға шақырады.

«Назар аударыңыздар! Бұл жалған парақша. Алаяқтардан сақ болыңыз», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Әншінің әкесі бөліскен суретте белгісіз біреулердің ақшаға қатысты жазба қалдырғаны баяндалған. 

«Мен - Димаш Құдайбергенмін. Мен 500 мың АҚШ долларын таратамын. «Махаббат» деп жазған алғашқы 100 адамға 5000 доллардан жолдаймын», - деп жазба қалдырған белгісіз адамдар.