08 қаң, 2020 сағат 18:59

Беларусь елінде жасы жүзден асқан 380 адам тұрады

Беларусь астанасы - Минскі қаласы ұзақ өмір сүретіндердің саны бойынша көшбасшы, ал елде олардың саны 380-нен астам адамды құрайды. Бұл туралы бүгін журналистерге еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ирина Костевич айтты, деп хабарлайды Белта агенттігі.

«Қазіргі таңда республикада жасы жүз және жүзден асқан 382 адам тұрады», - деді министр. Оның ішінде Минскіде ұзақ өмір сүріп жатқандар саны - 68.

Ирина Костевич мемлекет қарт және егде жастағылардың, ең алдымен өзіне өзі қамқорлық жасай алмайтын адамдардың қолайлы өмір сүруіне лайықты жағдай жасау үшін түрлі шараларды іске асырып жатқандығын атап өтті. Олардың арасында әлеуметтік сала қызметтері, әлеуметтік патронат, сондай-ақ интернат-үйлер желісінің орны ерекше болып отыр.