Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ірі сауда орындарына дезинфекциялық туннельдер орнатуды ұсынды, өйткені вирус сыртқы киімге қонып таралуы мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, дизинфекциялық туннельдерді Еуропа елдері кеңінен қолданады. Нәтиже бар. Қазір біз елдің де көптеген ірі қалаларында бұл құрылғы орнатылған.
«Біз Алматыдағы ірі нысандардың иелеріне орнатуды ұсындық. Мысалы, адам көп жиналатын базарларда, сондай-ақ ауданы 500 және 20 мың шаршы метрден асатын сауда орындарында дезинфекциялық туннельдерді қолдануға кеңес бердік. Оларды негізгі кіреберістер мен тұрақтарға орнатуға болады. Оның қауіпсіздігі ғылыми зерттеумен дәлелденген. Дезинфекциялық заттарды ғана пайдалану керек екенін атап өткім келеді», - деді Жандарбек Бекшин.
Сондай– ақ, ол вирус адамның сыртқы киімі арқылы таралуы мүмкін.
«Коронавирус өте қауіпті, одан барынша сақтанған жөн. Вирус кез-келген жерде өмір сүреді. Адамдардың бәрі дезинфекциялық туннельдерден өтуі міндетті емес. Егер аллергиясы болса айналып өте алады», - деді ол.