01 мау, 2020 сағат 15:24

Бекшин Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны неліктен артып кеткенін түсіндірді

Алматы қаласының мемлекеттік бас дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирус жұқтырғандар саны неліктен артып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен тәулікте қала бойынша 31 жағдай тіркелді. Тәуліктегі өсім көрсеткіші 1,1% құрады. Жалпы күнделікті өсім көрсеткіші 4,8 %-дан асқан жоқ. Күнделікті өсім көрсеткіші маңызды. Қала бойынша 2 647 жағдай тіркелді. Профилақтикалық тексеру кезінде 747 оқиға анықталды, бұл - 28,5%. Медициналық ұйымдарға өздері келгендерден 78 жағдай анықталды, байланыста болғандардар саны – 1 790», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол 1 627 науқастың жазылып шыққанын атап өтті. 

«Індет жұқтырғандардың 8-9% жұмыс істейтіндер, зейнеткерлер – 1,6%, жұмыс істемейтіндер – 4,6%, балалар – 1,8%. Сенбі күні қала бойынша 117 жағдай тіркелді. Оның себебі көптеген жұмыс орындары ашылып, жұмысшылар тестілеуден өтті. Соның арқасында вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтадық. Яғни, мұның бәрі профилактикалық жұмыстың арқасында анықталып отыр», - дейді Жандарбек Бекшин.