20 мау, 2020 сағат 08:58

«Бек Эйр» әуе билеті құнын қайтаруы үшін не істеу керек?

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Бек Эйр» әуе компаниясына № 2 сот ісін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

«ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Бек Эйр» АҚ тоқтатылған рейстеріне билет сатып алған тұтынушылардың өтініштерін қабылдап жатыр. 17 маусымдағы сот процедурасындаТҚҚК жеңіске жетті және соңғы үш күнде тұтынушылардың құқықтарының бұзылғаны туралы тағы 20 шағым түсті. Комитет қазақстандық тұтынушылар құқығын толық қорғайды. Қазір комитет адвокаттары Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясына қатысты екінші сот ісіне материалдар дайындауда», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі

Осыған байланысты, сотта өз мүдделерін білдіру үшін тұтынушылар комитет мекенжайына тиісті анықтаманы жіберуі керек, оны сайттан жүктеп алуға болады: 

Өтініштер электрондық үкіметтің порталы арқылы қабылданады. 

Өтінішпен бірге төмендегі құжаттар қоса тіркеу керек:

​- жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік); 

​- төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері (фискалды түбіртек және т.б.); 

​- билеттің көшірмесі; 

​- өтініш берушінің банктік деректемелері туралы мәліметтер (банктен анықтама); 

​- тұтынушының осы мәселе бойынша «Бек Эйр» компаниясымен бұрын байланысқанын растайтын құжаттар (көшірмелер, скриншоттар және т.б.).

Еске сала кетсек, 2019 жылы 27 желтоқсанда «Bek Air» әуе компаниясының 2100 Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі әуеге көтеріліп бара жатқанда биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға, одан кейін қосқабатты үйге соғылған. 

Апаттан 12 адам қайтыс болды. 29 адам жарақат алды. 51 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді. Екі адам емханаға келген кезде қайтыс болды.

Бұған дейін, сот клиенттердің билет құнын қайтару үшін Bek Air мүлкіне тыйым салған болатын.