Bek Air әуе компаниясы билет құнын қайтару бойынша 60 млн теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Bek Air әуе компаниясына қатысты министрлік талап-арызы негізінде тоқтатылған рейстер үшін билет құнын қайтару бойынша сот талқылаулары өтті. Сот талап-арыздарды толықтай қанағаттандырды. Осы орайда 60 млн теңге сомаға 990 тұтынушы өздерінің құқықтарын қорғады», - деді министр халық алдында есеп беру кезінде.