15 мам, 2020 сағат 14:35

Бәйдібек ауданындағы қауіп сейілді

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы суы тасыған арық-атыздардың арналары қалпына келтіріліп, қауіп сейілді. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлімет таратты, хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, 13 мамыр күні болған қатты жауын-шашын салдарынан Тұрақты елді мекеніндегі «Тұтарық» каналы төрт жерінен бұзылып, ауылды су басқан болатын. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, әкімдік қызметкерлері, тәртіп сақшылары мен ауыл тұрғындары бірлесе елді мекенге кірген өзен суының арнасына бұрған. Дер кезінде тиісті алдын алу шаралары жүргізілген. Сонымен қатар осы Тұтарық каналындағы кішігірім бұзылған арналарға да құм төселіп, қаптармен бөгеттер жасалып, жабылған. Сай-сала арқылы және сумен ағып келген ағаш бұталары, басқа да тұрмыстық қалдықтар сыртқашығарылды. Қалпына келтіру жұмыстарына 3 техникамен аудандағы бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері, белсенді ауыл тұрғындары жұмылдырылған.