SparkToro компаниясының аудит нәтижесі бойынша, АҚШ президенті Джо Байденнің Twitter-дегі оқырмандарының 49,3 пайызы фейк болып шықты. Бұл туралы "Известия" Newsweek басылымына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz агенттігі.
SparkToro құралы арқылы Джо Байденнің 22 миллион оқырманының жартысына жуығының мекенжайы мен суреті дұрыс болмағандықтан, бұл парақшалар жалған екені анықталған.