АҚШ президенті сайлауында өзін жеңімпаз етіп жариялаған Джо Байден елде коронавирустан қайтыс болатындар саны артуы мүмкін екенін болжады. Оның айтуынша, 2021 жылғы қаңтарда елде тағы 250 мың адам көз жұмуы мүмкін, - деп хабарлайды DW басылымы.
"Мен ешкімді қорқытқым келмейді, бірақ сіздер мән-жайды түсініңіздер: қазіргі күн мен қаңтар аралығында біз тағы 250 мың адамнан айырылып қалуымыз мүмкін", - деді саясаткер шағын кәсіпорындардың қызметкерлері мен иелері қатысқан онлайн-конференцияда.
Дегенмен Байден мұндай болжам неге негізделіп айтылғанын атамады.