19 там, 2024 сағат 17:07

Баян Мақсатқызының төртінші сәбиі дүниеге келді


Продюсер Баян Мақсатқызы сүйінші жаңалығын бөлісті. Әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ол төртінші сәбиі дүниеге келгенін хабарлады. 

"Сені сегіз жыл күттік. Алиса қызымыздан кейін, араға 15 күн салып, Алагөзова Алма Тұрсенғалиқызы дүниеге келді", – деп жазды продюсер. 


Айта кетейік, осыдан 15 күн бұрын өнер иесі қызды болғанын сүйіншілеген еді. Продюсер жаңа туған қызына Алиса деген есім берген.