Бүгінде діни сауатының аздығынан көптеген адам басқа ағымның жетегінде кетіп, олармен арнайы мамандар оңалту орталығында оңалту-түсідіру жұмыстарын жүргізеді. Ағымның ағысында кетіп, талайдың тағдырына әсер етіп жүрген ондай азаматтарға ең әуелі психолог маманның көмегі керек. Әдетте көпшілік психолог пен психиатрды шатастырып, мамандардың нәтижелі жұмыс істеуіне де кедергі келтіреді екен. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» психолог-теологы Бауыржан Ахметовпен әңгімелестік.
– Бауыржан Амангелдіұлы, жалпы оңалту жұмыстарында психологтың рөлі қандай?
–Негізі психологтың рөлі өте маңызды деп айтуға болады. Мысалы мен Оңалту орталығында психологпен қатар теолог міндетін де атқарамын. Себебі, мен жай ғана психолог емес, діни сауатым мен білімім бар. Бізге келген клиенттің көбісі жат ағымның жетегіне түсіп қалған проблема бойынша келеді. Біздің мақсатымыз – оларды райынан қайтару. Енді психолог деген діни салада болсын, басқа салада болсын, ең алдымен, адам оған келгенде сенімділік туғыза білу керек. Сол себептен ең алдымен адамды өзімізге қаратуға тырысамыз. Адам бізге сенімді болып, кабинетке кіргенде үйге келгендей болады, аяқ киімін шешіп, біз оған шай ұсынып, барлық жағдайлар жасалады. Сондай бір жылы жағдай жасалып, аурасы жақсы болу керек. Екіншіден, контакт қойып, адам өз проблемасын айтуға тырысады. Бірақ осында келген барлық азаматтар өзінің ішкі дүниесін айтам деп келмейді. Оны да бірнеше себептері бар. Біріншіден, біздің қоғамда кеңес беру және оңалту деген сөзді естігенде олардың құлақтарына жат болып тиеді. Мысалы бізде оңалту дегенді көбінесе нарко немесе алкоголизмге салынып кеткен адамдардай түсінеді. Сондықтан келген бауырларымызға ең алдымен түсіндіреміз. Біз негізі діни салада істегеннен кейін, жат ағымдардың әсері пайда болса, содан шығаруға көмектесетінімізді жеткіземіз. Осы бағытта бізге келетін адамдарды екіге бөлуге болады: біреуі жат ағымның әсерін сезбеген, бірақ біледі, естіген. Екіншісі сол жат ағымның әсеріне кіріп кеткен адамдар.
–Жалпы радикалды идеяларды қолдаушылардың психологиясында қандай ерекшелік, қандай өзгерістер болды? Яғни олардың бейнесі қандай?
–Иә, психологиялық портрет немесе психологиялық бейнеу дейді ғой. Ең алдымен, біз оларды қоғамның ішінен қалай көре аламыз? Негізгі белгісі олар сондай тәуелді болады. Былай айтқанда ол ұғым және сондай іс әрекеттері бүгін басталған жоқ. Бұрынғы бала кезінен басталған дүние. Адамдар көбінесе бала кезінен әртүрлі коплекстерді сезіп, қоғамда өзінің орны болмаған, тұлға ретінде қалыптаспаған, проблемалар, стрестік жағдайлар, депрессиялар, сондай өмірлерінде бір кезеңдер болады. Жат ағымдардың эмсарлары, адамдары жақсы психологтар, сондай кезеңде сол жағдайды қолданып, адамға көмектесіп, оны ортасына алып осы шеңберден шығармайды. Себебі, ең алдымен, адам қалай болса да қоғамсыз өмір сүре алмайды. Оған сол қоғамның үлкен бағасы керек. Сондықтан сол уақыттан бастап адам өз өзін тұлға деп есептей алады. Оған «сен біздің бауырсың, сенің проблемаларың – біздің проблемамыз, егер саған көмек керек болса, біз әрқашан да дайынбыз» деген сияқты қолдау білдіреді де, адамдар олардың психологиялық әсерінен орталарына кіріп кетеді. Ал енді одан шығу өте қиын. Себебі, шығайын десе, оларға қарсы сөйлейін десе, осы кезден бастап олар қатты сөйлей бастайды. «Біз қиын болған кездерде саған көмектестік, сені тура жолға қойдық, сені қараңғылықтан жарыққа шығардық» деп алдыңғы істегендерін міндет етіп алдына қояды. Осындай әсерлер өте көп.
Тағы екінші тип бар. Бізге келетін адамдардың барлығы сондай комплекс көрген, қиыншылық көрген азаматтар деп 100 пайыз айтуға болмайды. Себебі оның ішінде екі қызыл дипломы бар адамдар, жақсы оқыған, осы қоғамда бір дәрежеге жеткен адамдар да бар. Бірақ сол адамдар неге бір топтарға еріп кетеді? Енді діни салаға қарағанда, жат ағымның әсерінен деп жатырмыз ғой, біріншіден олар әділдікпен алады. Осы өмірде әділдікке ұмтылған адамдар, әрқашан әділдікті талап етеді. Сонда осы өмірде көбінесе әділдікті таба алмай, бірақ олардың ұсынған бағдарламасында немесе өзінің таратып жүрген өмірге көзқарастарында өте көп нәрсені табады. Себебі, әділдік адамдардың қолдарында емес, әділдік Алланың қолында дегендей, ол әділдікті сол жерден іздей бастайды көбінесе. Міне, осындай түсініктің салдарынан екінші типтегі оқыған, көзі ашық, ештеңеге мұқтаж емес адамдар да адасып жатады.
–Оңалту орталықтарындағы адамдарды екіге бөледі: оңалтуға көнетін және көнбейтін адамдар болады дейді. Сіздің тәжірибеңізде көнбейтін адамдар кездесті ма? Олармен қалай жұмыс істедіңіз?
–Әлбетте. Мұнда біздің орталыққа келгенде біреулері өздерінің ата-анасын, немесе отбасы мүшесін алып келеді. Олардың насихаттарына қарап, «сенің өмірдегі іс-қимылың бізге ұнамайды, бір нәрсеге кіріп кеттің ба» дегендей жетектеп алып келеді. Өз еркімен келу көп емес. Көбінесе әрқашанда адам өзінің ақиқатына сенеді, ақиқат менің қолымда дейді. Сондықтан осында келген адамдардың жартысы қарсы болып келеді. Қарсы болып келгенде де бірінші есікті ашып қадам жасағанның өзінде ұрыспен келеді. «Қай себептен, неге мені шақырасыңдар, неге мені мазалайсыңдар» дегендей. Біздің, психологтардың бірінші мақсаты комфликтологиядан алып алып қарсасақ, комфликті ең алдымен өз қалпына келтіру. Яғни адам осында келгенде оған біздің жұмыстың мақсатын түсіндіреміз. Екіншіден сенімділікке шақырамыз. Психолог деген сиқрышы емес, біреудің жүрегін ашып, оны тазалап немесе басындағы керек емес дүниені алып тастайтын сиқырлы таяқшасы жоқ. бұл үлкен ертегі емес, біз сүріп отырған өмір. Нақты, біріншіден, біз бізге келген адамдардың алдына оның проблемасын жалпы көз алдына әкелуге жұмыс істейміз. Былай айтқанда ол өзінің көзімен алыстан көрсін, сезінсін. Басқа адамның көзімен қарасын деп жағдай жасаймыз. Және де өз аузынан шыққан сұхбат ретіндегі барлық айтқан сөздері ақылға сай ма және оның көзқарасы, оның ұғымы ма, ол ұғымды қате түсінді ма немесе оны біреу пайдаланып, әсер етіп тұр ма, ең алдымен осыны алдына ашып көрсетеміз. Ал ол адам осы кабинеттен шыққаннан кейін, үйінее барғаннан кейін өзі жалғастырып ойлана бастайды. Негізгі мақсат сол. Ең алыдмен, адамды басқа топтардан алып шығу. Ал ол өте қиын нәрсе. Себеб, біріншіден адам өзіне сенімді болу керек. Мысалы ол дұрыс жолмен жүр ме, оның өмірінде кездескен осы жолдағы проблемалар дінмен сәйкес келе ма, келмей ма, осы тұрғыдан алғанда психологпен сөйлескеннен кейін теология жағынан жағынан да біз өте көп дәлердерді келтіреміз. Кітаптарды ашып, осындай бетте, осындай ғалым, осындай уақытта айтқан дегенде ғана адам ойлана бастайды. Себебі жат ағымдардың ең алғашқы мақсаты адамды тек қана бір бағытта жүруіне қалыптасқан. Мысалы, осындай ұғым болсын деп тек қана бір жақты қарайды. Ал біздің мақсатымыз оны жан-жақты қаратуға жұмыс істеу. Және де оны өз ақылымен шешіп, анализбен, өзінің ойымен, пікірімен әкелуге тырысамыз. Адам өзі «мен өзгеремін» деген ниетіне келу керек. Ал егер оның ниеті ондай болмаса өте қиын. Және осында келген азаматтардың көбісі мен ақиқат жолында жүрмін, меніңкі дұрыс деген ұғымда келеді. Сондықтан оларды ойынан айныту – ең қиыны.
–Жалпы жат ағымға еруге әйел адамның психологиясы бейім ба, әлде ер адамның психологиясы бейім ба? Әдетте ер адамды бейім, әйел адамдарды ерлер тартады деген түсінік қалыптасқан.
–Мәселе мынада: дін саласында әйел мен еркектің рөлінде айырмашылық бар деп айтуға болады. Сіз өте дұрыс айттыңыз, біріншіден, ислам дінінде еркектің рөлі өте жоғары. Екіншіден ер адам қожайын. Көбінесе дін ұстанған әйел адамдар өзінің барлық өмірін күйеуінің жауапкершілігіне артады, «мен осы адамға тұрмысқа шықтым, мен үшін ол ер адам жауапты» деген жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан көбінесе еркек қай бағытта әйел де соның соңынан еріп жүретін адам.
–Жалпы, психолог ертінде айтыңызшы, адасқан адамды қалпына келтіру үшін психолог, теолог, заңгер, діндар, орган қызметкерлерлерінен басқа қандай мамандар қажет? Оңалту саласында қандай мамандар жетіспейді бізге?
–Қазіргі уақытта мамандар жетіспейді деп айтуға болмайды. Көбінесе сауат болу керек. Былай айтқанда өте көп адамдардың, бізге келетін адамдардың мысалы, 85 пайызы шығар, дін жөнінде ешбір хабары жоқ. Діни медресе немесе жоғарғы оқу орнын бітірмеген. Өзінің қалыптасқан ұғымдары бар, соған қатып қалған. Егер оған әртүрлі дәлелдер келтіріп түсіндіріп айтсақ, оны қабылдамайды. Себебі өзінің ұстанымына, өзінің дініне сенеді. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, интернет бар, әлеуметтік желілер бар. Оның ішінде сол әлеуметтік желі арқылы 20 жыл бұрын жат ағымның түбіне түсіп кеткен жағдайлар бар. Сол әлеуметтік желі арқылы, интернет арқылы шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтар, студенттер, өзінің діни бағытында лекцияларға, үлкен-үлкен аудитория алып алған адамдар 15-20 жыл бұрын оның барлығынан өткен. Көп адамдар интернет арқылы ақпарат іздейді ғой, ақпарат іздегенде ислам, мұсылман дегенді барлығын бірдей көреді. Жат ағымдар дегенді білмейді. Барлығы оларға әдемі, сондай бір жақсы көрінеді. Мен сізге бір мысалы келтірейін, Иегова куәгерлері бар ғой, өздерінің діни уағыздарын кітаптарда басып шығарғанда көбінесе қазақша болған. Қазақ тілімен, суреттермен Құдай, Пайғамбар деген сөздерді қолданған. Ал бұл қазақтың бала кезінен естіп жүрген нәрселері ғой. Сондықтан адамдар оны ақиқат деп қабылдайды да, ал бірақ оның ішінде басқа діни ақпараттар болады. Кезінде 70 жыл дін туралы ақпараттық дифтік болды ғой. Сол себептен көптеген адамдар сол уақытта жат ағымдарға өтіп кеткен. Енді қазіргі уақытта, Аллаға шүкір, біздің теологымыз да, ҚМДБ басытамасымен ақпараттық топ мүшелері де осы ақпаратты қолданып, қазір әлеуметтік желі арқылы, интернет арқылы насихатты жүргізіп жатыр. Ол – қуаныш. Себебі біздің дәстүрлі ислам дінін біздің ата-бабамыздың қаншама ғасыр бойы қазақ елінде ұстанған. Соны уағыз-насихат етеді. Ал қазіргі уақытта ақпараттық соғыс, сол себептен қазір ақпарат кімнің қолында сол жеңеді.
–Сіздерге келушілерді клиент деп атап отырсыз. Емделуші мен клиенттің айырмашылығы неде?
–Біз Оңалту орталығына келушілерді емделуші деп айта алмаймыз. Себебі біз психолог болғандықтан, біз науқастарме емес, клиенттермен жұмыс істейміз. Көп адамдар психолог пен психиатрды шатастырады. Психолог дені сау адамдармен жұмыс істейді. Ал психиатр денсаулығында психикаларында әртүрлі проблемалары бар науқас болып есептеледі, ал бізде – клиент.
–Бір адамды толық оңалту жұмыстарын жүргізу үшін, оның психологиясын қайтадан бұрынғы қалпына келтіріп, қоғамға қайта бейімдеу үшін қанша уақыт кетеді?
–Өте көп уақыт. Себебі адамның енді сол жат ағымға, сол топқа кіріп кетті дегенде, ол бір күнде кіріп кеткен жоқ қой. Оның әртүрлі себептері болды. Өмірдегі әртүрлі жағдайлар болды. Ол сол топта 2-3 жыл өмір сүргенде оның әртүрлі әдеттері қалыптасқан. Енді оның барлығын бір айда немесе жарты жылда өз өзін тағы та өзгерту өте қиын нәрсе. Сізге тағы бір оқиғаны айтып берейін. Бір жігіт болды. Музыкалық білімі бар, Консерваторияны бітірген домбырашы. Оркестрде ойнаған, әртүрлі жетістіктерге жеткен. Бірақ әсер болып, сондай жігіттермен бірнеше жыл бірге болып, «музыка жаман, домбыра деген харам , музыка тыңдауға болмайды» деп, үйдегі барлық аспаптарды алып тастап, ешқандай сахнаға шықпай, концерттерге бармай, өзінің мамандығы бойынша мүлде ұмытты. Және сегіз жылдай отбасымен әрқашанда проблема болды. Бұрын үйреншікті жағдайларға басқаша көзқараспен қарай бастадым дейді, мынау харам, мынау болмайды, сендер қателесесіңдер, сендер адасушы адамсыңдар дегендей. Бірақ сол сегіз жылдың ішінде ақырын-ақырын эмоциям кетті, мен жан-жағыма қарай бастадым дейді. Менімен оқыған жігіттер дәрежеге жетті, біреу проректор болды дегендей, біреуі танымал болды. Ал мен ешқандай жетістікке жетпедім дейді. Бар өмірім тоқтап қалды дейді. Ақырын-ақырын басқаша көзбен қарап, содан шықтым дейді. Біз де өзіміздің жұмысымыз арқылы оған психологиялық көмек бердік. Енді қазіргі уақытта сегіз жыл басқа өмір сүріп, оңалту жұмыстарының нәтижесінде енді екі-үш жыл болды жаңа ғана өз қалпына келіп жүр. Сол үшін ұзақ уақыт керек деймін. Ең алдымен, өзінің жақын адамдары, отбасы, әйелі, ата-анасы, балалары көмектесумен өте ықпалы болады. Сонда ғана адам тез оңалуға мүмкіндік алады.
–Клиенттердің өздері өз еркімен келгендері болды ма?
–Әртүрлі. Көбінесе, жақын туыстары алып келеді. Менің бір балам немесе күйеуім басқаша көзқараспен ойлана бастады, өмірі өзгерді деп ертіп келеді. Осыдан жиырма жыл бұрын отбасының ішінде бала намаз оқи бастаса оның жақындары «менің балам жақсы жолмен өмір сүріп жатыр, барлық жамандықтардан ішімдіктен, темекіден т.б алыстады» дегендей қуанатын. Қазіргі уақытта бала намаз оқыды дегенде, ол басқа ағымға кетіп қалмай ма дегендей қорқыныш пайда болады, қазір жағдай қиын. Бірақ оған тағы да әсер ететін ақпараттық құралдар екенін ескеруіміз керек.
Қазір есіме бір адам түсіп отыр. Негізі, интеллектуалды, бала кезінен өте көп кітаптар оқыған, әжесі кітапханашы болған. Сонда осы адаммен бірнеше кездесуде ол: «өте көп нәрселерге, маған бұрыннан насихатталған, уағыздалған нәрселерге күмәнмен қарадым» дейді. Себебі басқа кітап оқуға, мысалы, қазақ әдебиеті болсын, орыс әдебиет болсын оқуға тыйым салған. Тек қана өздерінің кітаптарын ұсынып, тек қана осы кітаптарды оқы деп, теледидар көрсе, ананы істеме, мынаны істеме дегендей күмәнді тыйымдар болды дейді. Және интернет арқылы шақырып жүрген уағыздардың өзінде уағызшы орыс тілін дұрыс білмейтін басқа ұлт екен. «Сонда мен мына адам орыс тілін білмесе және орысша уағыз-насихат жүргізіп жатыр және ол адам айтқан нәрсесін, айтқан сөзінің мағынасын түсінбейді» деп ойладым дейді. Өзі кітап оқығанды, жан-жақты болғандықалайтын азамат басында сол топқа қосылып кеткен. Қазір өзі келіп оңалту жұмыстарынан өтіп жатыр. Осындай да жағдайлар болып тұрады.
–Әңгімеңізге рақмет!
Ақбота Мұсабек